Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер ара­сындағы Қазақстан Кубогы өз мәресіне жетті.
Садақ ату сайысы аяқталды
1,419
оқылды

Күзге салым елордада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам садақшы қатысты. 

– Бұл жерде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына соңғы лицензия ойнатылып жатыр. Ерлер арасындағы 6-лицензия үшін Али Сейсигюзель, Қасымхан Қанат және Абылайхан Қанат бақ сынады. Яғни, осы Қазақстан Кубогында кім үздік болса, лицензия сол мергенге бұйырады, – деді дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Диас Ахметов.

– Алғаш садақ атуды спорт түрі ретінде қолымызға алған кезде 5-6 ғана адам бастаған едік. Қазір еліміз бойынша 5 мыңнан астам садақшы бар. Құрамадағы жас спортшы­лары­мыздың аяқалысы өте жақсы. Малайзияда, Алматы облысында, Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиындарына қатыстық. Бұл жарыстың барлығы, әрине біздің деңгейімізді біраз өсірді, – дәстүрлі садақ атудан Алматы облысының аға жаттықтырушысы Ахмет Мұғалов.