Көпшіліктің назары Карина Ибрагимовада болды. Әзірге ол ұлттық құрама сапынан Олимпиада ойындарына жолдама алған жалғыз боксшы. Турнирдегі қарқыны жаман емес. Рингте отандасымызбен жұдырықтасып, мықтылығын дәлелдеді.
– Қарсыласым оңай емес. Жастар арасындағы екі дүркін Азия чемпионы. Бірақ жеңіске жеттім. Бұл менің Олимпиада алдындағы соңғы жарысым, – деді боксшы Карина Ибрагимова.
Әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектерге Каринадан басқа Олимпиада жолдамасы бар өзге елдердің 8 боксшысы және 6 әлем чемпионы өнер көрсетті.