Шымкент қаласында 3 232 жалпы атауы бар, 281 атауы жоқ, 348 идеологиялық тұрғыдан ескірген, 84 атауы қайталанатын көше бар екен.
Ескерткіштер ескерусіз қалмайды
825
оқылды

Бұл дерек биыл наурыз айында қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен аудан әкімдіктері бірлесіп, қала аумағындағы 3 513 көшеге жүргізген зерделеу жұмысы кезінде белгілі болды. 

Қазір Республикалық оно­мас­тика комиссиясына 232 кө­ше­ге атау беру және қайта атауға ке­лісім алу үшін ұсыныс жол­дан­ған. Қалған атауы жоқ 106 көшеге қол­даныстағы заң аясында тиісті жұ­мыстар жүргізілмек. Бұл тура­лы Шымкент қаласының Мә­де­ниет, тілдерді дамыту және ар­хив­тер басқармасының басшысы Бауыр­жан Орынтаев Шымкент қа­­лалық өңірлік коммуника­ция­лар қызметінде өткізген бри­финг­те атап өтті. Басқарма бас­шы­­сы министрлік жолдаған «Рес­публикалық, облыстық, ау­дан­дық маңызы бар қалалардағы, ас­танадағы, кент, ауыл және бас­қа да елді мекендердегі көше анш­лагтарын жазу және ор­на­лас­тыру жөніндегі» ұсынымға сәй­кес, Шымкент қаласында орна­лас­қан 108 елді мекенде ілінген тақ­тайшаларға да дәл осындай зер­делеу жұмысы жыл бойы жүр­гі­зілетінін жеткізді. 

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің жинағы шығарылмақ

Брифинг барысында Бауыр­­жан Орынбасарұлы бү­гінде тіл саласында өзекті мә­се­ле­лер бар екенін еске салды. Заң та­лабы барлық жерде бірдей орын­далмай жатқандықтан бас­қар­ма тарапынан «Қазақстан Ре­с­публикасындағы тіл туралы» заңы­н­ың 21 және 25-3-бабына сәй­кес, мемлекеттiк тiлдi және бас­қа тiлдердi дамытуға бағыт­тал­ған iс-шаралар жүргiзілмек.

«2021-2023 жылдар аралы­ғын­да кәсіпкерлерге мораторий жа­­рияланғаннан кейін заң бо­йын­­ша талап бұзғандарға бас­қар­ма тарапынан ескерту беріп, тү­сін­діру жұмысын жүргізіп, әдіс­­­темелік көмек көрсетумен ғана шектеліп кел­дік. 2024 жылдан бастап заң та­лаптарын сақтамайтындар үшін «Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық туралы» кодексінің 75-ба­бы­на сәйкес тиісті шаралар атқары­ла­тын болады. Осы ретте қа­ла­мы­з­дағы кәсіпкерлік нысандарына кө­­ше, ғимарат, көлік, сауда орын­дары, қызмет көрсету орта­лық­та­рындағы көрнекі ақпарат, маң­дай­шалардағы хабарлама, жар­­­­­­­намаларды заң аясында жұ­мыс жүргізуге тиістігін ескер­те­міз», – дейді басқарма басшысы. 

Брифинг барысында Шым­кент қаласындағы та­рихи-мәде­ни мұра объектілерінің бүгінгі жай-күйі де айтылды. Үшін­ші ме­гаполисте қазір 30 ар­хеоло­гия­лық, 56 монументтік өнер құры­лыс­тары, 11 қала құ­ры­лысы және сәу­лет ескерткіштері, 2 киелі ны­сан, жалпы 114 тарихи-мәдени мұра объектілері бар (оның жетеуі рес­публикалық, се­гізі жергілікті маңызы бар та­рих және мәдениет ескерт­кіш­тері­нің тізіміне енгізіл­ген). 

Биыл республикалық және жер­гілікті маңызы бар 15 тарихи жә­не мәдениет ескерткіштеріне ба­қылау жүргізу нәтижесінде рес­публикалық маңызы бар Қожа Са­лық кесенесінің (XIII-XVIII ғ.ғ.) қа­бырғалары мүжіліп, құзданып жат­қанына байланысты рестав­ра­ция жұмысын қажет ететіні анық­талған. Қаратау ауданы әкім­ді­гі­нің теңгеріміндегі нысан бүгінде жауын-шашыннан қорғау мақ­са­тында клеенкамен қоршалып қой­ған. Қазір басқарма тарапынан Шым­кент қаласы аумағында ор­на­ласқан тарихи-мәдени мұра объек­тілерін есепке алу, қорғау ай­мақ­тарын анықтау және мем­ле­кеттік тізімге енгізу үшін тари­хи-мәдени сараптама дайындау жоспарланып жатыр екен. Жүр­гі­зілген жұмыстың нәтижесінде та­рихи-мәдени мұра объек­ті­лерінің жинағы шығарылмақ. 

Шымкентте концертік ұйым құрылды

Биыл Шымкентте қала әкім­­­дігінің 3 сәуірдегі №1557 қау­лысына сәйкес, «Шымкент кон­церт» концерттік ұйымы (фи­лар­мония) мемлекеттік комму­нал­дық қазыналық кәсіпорны құрыл­ды. Одан бөлек, басқармаға қарасты 6 театр, 6 кітапхана, 3 ор­­­та­лық, цирк, архив, музей ме­ке­месі, Мәдениет үйі концерттік ұйы­мы (5 клуб, 5 мәдениет үйі) жә­не Шымқала тарихи-мәдени ке­шені мен «Шымкент мем­ле­кет­тік зоологиялық саябағы», жал­­пы 2 171 штаттық бірлікті құ­­рай­­тын барлығы 22 мекеме жұ­мыс істейді. Бұл мекемелердегі ша­раларға биылға бөлінген қар­жы көлемі – 13 млрд 607 млн тең­ге. Үшінші мегаполисте биыл ау­­қымды 47 ресми, көпшілік, мә­де­ни іс-шаралар өткізу жоспар­лан­ған. Жыл басынан бері оның 10-ы, яғни қаңтарда  «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуына орай Fashion show by QAZINA дефилесі өтсе, ақпан айын­да М.Мақатаевтың туғаны­на «Жазылар естеліктер мен тура­лы» поэзиялық кеші, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының 65 жыл­дығына арналған «Оңтүстік тарихынан сыр» шығармашылық кеші, наурыздағы шаралар «Ал­ғыс айту – асыл қасиет», халық­ара­лық әйелдер мерекесіне ар­нал­ған «Тірегі тіршіліктің – Ару Ана», «Көрісу күні – Амал мере­кесі», Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне, «Шуақ шаш­қан әз-Наурыз» іс-шарасы, «Ұлт­тық киім күні» дизайнерлер бай­қауы, «Армысың, әз-Наурыз» ме­­­­рекелік іс-шарасы және гала-кон­церті, халықаралық театр кү­ніне орай «Театр көктем фести­валі» салтанатты шаралары өткі­зіл­ген. Одан бөлек, қазақ ақыны, сы­қақшы Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған мере­ке­лік кеші және жазушы драма­тург Жүсіп Аймауытовтың 135 жыл­дығына арналған «Қарт Қожа» драмасының премьерасы сах­наланған. 

Сондай-ақ шымкенттік өнер майталмандары гаст­ролдік сапарларға тұрақты шы­ғып, өнер көрсетіп, өзге театр әр­­­тіс­терімен тәжірибе алмасып тұ­рады. Ж.Шанин атындағы ака­демиялық қазақ драма театры Та­раз қаласына, орыс драма теат­ры Ресей Федерациясы, Санкт-Пе­тербург қаласына, Қуыршақ жә­не жасөспірімдер театры Өз­бекстан Республикасындағы Са­марқанд, Науаи, Қашқадария, Ән­діжан, Ферғана облыстары мен Қырғызстанның Ош қаласы­на «Шымкенттен шашу» гаст­ро­ль­­дік сапарымен, «Қазына» би ан­самблі «Қазыналы алтын сан­дық» концертімен Көкшетау, Пет­ропавл, Астана қаласына ба­рып қайтқан. 

Қысқартылған ауқымды шаралар есебінен қаржы үнемделді 

«Еліміздің өңірлерінде болған ала­пат тасқын мен су басу сал­да­ры­нан туындаған күрделі әлеу­мет­тік және экономикалық ах­уал­ды ескеріп, мамыр айына Қа­­­­­зақстан халқының бірлігі ме­рекесіне, Отан қорғаушылар кү­ніне және Жеңіс күніне арналған ау­қымды салтанатты шаралар өт­кен жоқ.  Яғни, мәдениет меке­ме­лерінде көрме, тарихи сағаттар сынды және мәдениет қайрат­керлерінің қатысуымен әскери-пат­риоттық тақырыптағы өлең­дер челленджі ұйымдасты­рылса, Жеңіс күнінде «Даңқ» мемориал ке­шенінде гүл шоқтарын қою рә­сімі өтті. Есесіне 29 млн теңге үнем­делді», – деп атап өтті бас­қар­ма басшысы  Б.Орынтаев. 

Сонымен қатар жыл соңы­на дейін Жошы ұлысы іргесінің қаланғанына 800 жыл, қа­зақтың әйгілі халық ақыны, жы­рау, композитор Кенен Әзір­баев­тың 140, жазушы Бейімбет Май­линнің 130, әйгілі ғалым Қа­ныш Сәтпаевтың 125, қазақ бей­­­нелеу өнерінің негізін салу­шылардың бірі, суретші Әбілхан Қастеевтің 120, халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың және қа­зақ балалар жазушысы Бер­ді­бек Соқпақбаевтың 100 жылды­ғын атап өту  жоспарланған. Одан бө­лек, биыл белгілі ақын мәде­ниет саласының ардагері Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдық мерейтойы аталып өтпек.

«Қаламызда бірнеше жылдан бе­рі ақындар айтысы өткізілген жоқ. Бұл талай ақынның туып-өс­кен, табан тіреген жері әрі үшін­­ші мегаполис атымызға сын. Осыған орай, биыл республи­ка­лық ақындар айтысын өткізуді жос­парлап отырмыз», – деді Бауыржан  Орынбасарұлы. 

Театр сүйер қауым үшін ма­мыр айында Өзбек­стан­нан, Ақмола, Шығыс Қазақ­стан обыстары мен Алматы қа­ла­сынан гастролдік сапарлармен әр­тістер келіп, өнер көрсетіп жа­тыр. Ал маусымда Өзбекстан мем­лекеттік архивтерінің Қазақ­стан­дағы күндері аясында халық­ара­лық ғылыми-тәжірибелік кон­ференциясын ұйымдастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бри­фингте басқарма басшысы Шым­кент қаласының мәдениет сала­сын­дағы бірқатар жаңалығымен, ал­дағы жоспарымен бөлісті. Жиын барысында тілші қойған бір­қатар сауалға жауап берді. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы