Астанада бокстан Elorda Cup халықаралық турнирінде ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қытай атынан шыққан этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан мен өзбекстандық Рахматулло Бойматов финалда кездесті. Үш раундтан кейін төрешілер жеңісті Тоқтарбекке берді. Ол Астанадағы турнирдің «алтынын» алса, Бойматов күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатхан – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сонымен қатар 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.