Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден "иппон" әдісімен басым түсті.
Осылайша, Абиба әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін ол Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын.
Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте 4-орында келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.