Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов Әбу-Дабидегі әлем біріншілігін алғашқы бестікте аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 60 келі салмақта сынға түскен Сметов қола медаль үшін өткен белдесуде жапондық Таики Накамураға есе жіберді.
Жас жапондық балуан белдесудің негізгі уақытында Елдосты таза жеңді.
Осылайша, Елдос Сметов кезекті әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтап отыр. Ол былтыр Дубайда өткен әлем чемпионатында да жүлде алмаған еді.
Ал Қазақстан еншісінде әзірге бір қола бар. Әйелдер арасында Абиба Әбужақынова үздіктер қатарына енді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.