Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com
990
оқылды

Ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды  Aikyn.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жабық сот отырысында кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мен жәбірленушінің өзі мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады.

– Айыпталушъы кінәсін мойындамады, жәбірленушінің кәмелетке толмаған жасы туралы білмегенін, жыныстық қатынас өзара келісім бойынша жасалғанын айтты, – деді баспасөз орталығында.

Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және 15 жылдан 17 жылға дейін тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. 

– Сот ер адамның жағымды мінездемесін және бұрын соттылығының болмағанын, қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде масаң күйде қылмыс жасау фактісін ескерді. Осыған байланысты айыпталушыға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді сотта.

Сондай-ақ, ол өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.