Эльжана Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.
Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатында топ жарды
Фото: ҰОК
1,486
оқылды

Астанада өтіп жатқан көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатында Эльжана Таниева топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Күміс медальді Милана Парфилова, қоланы Айбота Ертайқызы иеленген. 

Айта кетелік, Эльжана Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. 

Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатынан құр қайтпай, таспамен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.