Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Әсем Орынбай Париждегі Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Әсем жаңартылған әлемдік рейтинг бойынша жолдама алды. Ол рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды.
Айта кетелік, Әсем Орынбай "скит" бағдарламасы бойынша сынға түседі. Бұған дейін Мария Дмитриенко мен Эдуард Ещенко олимпиадалық іріктеуден өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.