Кешегі жарыс күнінде Назым Қызайбай жеңіске жетті.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Фото: ҰОК
3,724
оқылды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы сынға түсіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 63,5 келі салмақта жұдырықтасатын Базарбайұлы бірінші айналымда филиппиндік боксшыдан басым түсіп, келесі кезеңге өтті. 

Айта кетелік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Италияда өткен іріктеу сынында жеңіліс тапқан еді. Алайда елімізде өткен спаррингтік турнирде жеңіске жетіп, Таиландтағы турнирге қатысу мүмкіндігін алды. 

Кешегі жарыс күнінде Назым Қызайбай жеңіске жетті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.