Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді.
Аида Бауыржанова спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында алғашқы жүлдені алды
Фото: ҰОК
2,122
оқылды

Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медаль жеңіп алды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. 

Айта кетелік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.