Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Жаңбыр, бұршақ, қар: 27 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
4,732
оқылды

«Қазгидромет» дүйсенбі, 27 мамырға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.

Шығыста нөсер жауын (жаңбыр, қар), еліміздің солтүстік-шығысында да нөсер жаңбыр болады деп болжанады. Еліміздің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. 

Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік өңірде бұршақ түседі, орталығымызда қатты жел тұрады, оңтүстік-шығыста түнгі уақытта тұман болады деп болжанады.

Түнде Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатады. Түркістан облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда өңірінің шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады. 

Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі бар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.