Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
1,147
оқылды

Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медаль жеңіп алды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. 

Айта кетелік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.