Римма Волосенконың ізін ала турнирдің екінші кезеңіне өтті.
Олимпиадаға іріктеу турнирі: Валентина Хальзова украиналық боксшыны жеңді
Фото: ҰОК
1,385
оқылды

Таиландта өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 75 келі салмақта сынға түсіп жатқан Хальхова алғашқы айналымда украиналық Каролина Махноны сенімді жеңді. 

Осылайша, ол Римма Волосенконың ізін ала турнирдің екінші кезеңіне өтті. 

Таиландтағы іріктеу турнирі 3 маусымда аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.