Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND еліміздегі түрлі тексеріс дең­гейі жөнінде зерттеу жүргізді.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау деңгейін зерттеді
347
оқылды

Сарапшылар зерттеу нәтижесінде 2023 жы­лы орташа есеппен әрбір төрт тексерістің үшеуінде түрлі ереже мен нор­ма­ларды, заңды бұзу жағдайлары тіркеліп отырыпты. Сонымен қатар тиісті ме­кемелер жүргізетін тексерістер әр облыста әртүрлі болып шыққан.

Дүниежүзілік банктің есептеуінше, қазірде еліміз ТМД және ЕАЭО-дағы экономикалық серіктестеріне қоса алғанда, көрші елдер арасында реттеу сапасы бойынша көш бастап тұр. Расы­мен де, MIND зерттеуіне сүйен­сек, 2023 жылы орташа есеппен төрт тексерудің үшеуінде заңбұзу­шылық анықталған. Ең «қызық» көрсет­­­кіш Бас прокуратураға тиесілі. Прокуратура органдары жүргізген әрбір он тексе­рудің тек біреуінде міндетті талаптар­дың бұзылмағаны анықталған. Яғни, тоғыз тексерісте қандай да бір кемші­ліктің анықтала­тыны белгілі болды. 

Сарапшылар еліміздің тарихында ең төменгі әкімшілік жүктеме 2023 жы­лы бақыланғанын айтады. Өйткені елдегі шағын бизнес субъектілерін тек­­серу бойынша төрт жылдық мора­торий 2023 жылы аяқталды. Үш жылға созылған мораторий барысында құ­зырлы органдардың шағын және орта бизнесті тексеруіне тыйым сал­ған еді. Бұл жерде мораторий жоспарлы тек­серулерге қатысты болғанын атап өт­кен дұрыс. 2023 жы­лы құзырлы орган­дар көп жағдайда жоспарлы бір, жос­­­­­пардан тыс тоғыз тексеру өткізген. Әрине, бұл жыл бойы 10 ғана тексеру өткенін білдірмейді. Орта статисти­­калық дерек. Құбылта айтқанда жос­пардан тыс тексеру 9 есе көп болған. 

Ал әкімшілік жүктеме облыстар арасында әртүрлі таралған, әрі айыр­машылық бес есеге жеткен. Мысалы, Астанада әрбір 100 ұйымға шаққанда 2,1 тексеру келсе, Ұлытау облысында бұл көрсеткіш 11,1-ге жеткен. Соның ішінде бір жыл ішінде қайталана бер­ген тексерулер де бар. Айталық, 2023 жы­­лы өрт және санитарлық-эпи­де­мио­логиялық қауіпсіздік бойын­ша әрбір жетінші тексеру қайталанған. 2022-2023 жылдары осы тексерулердің шама­мен 60%-ы белгілі бір объекті­лер­де қайталанып отырған. Тексеру­шілер бір тексерген жеріне қайталап бара бергенге ұқсайды.

MIND зерттеушілері мұндай жағ­дай қайталанбау үшін бақылауды цифр­ландыру, сын-қатерлерге бағыт­талған тәсілдерді қолдану және бақы­лаушы органдар мен тексеріске түсе­тін­дердің тікелей байланысын азай­ту тәрізді ұсыныстар айтты.