Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте жеңілді.
Олимпиадаға іріктеу турнирі: бір боксшымыз жарыстан шығып қалды
Фото: ҰОК
2,511
оқылды

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жарысты аяқтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер арасында 54 келі салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте жеңілді. Ол америкалық қарсыласы Шер Мэй Патрисиоға жол берді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің 1/8 айналымына өте алмады. 

Айта кетелік, Ұлжан Сәрсенбек Астанада өткен спаррингтік турнирде топ жарып, лицензиялық жарысқа қатысу құқығын иеленген еді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.