Біріккен күрес әлемі (UWW) Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар – Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай.
Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен болатын.
Айта кетелік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.