Серікзат Дүйсенғазы жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім беріп жүр.
Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: instagram.com/enugumilyov_official
3,779
оқылды

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.  

"Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды. Тәжірибелі маман 22 жылдан бері ENU қабырғасында еңбек етіп келеді", - делінген университеттің баспасөз қызметі хабарламасында.

Серікзат Дүйсенғазы жоғары оқу орнындағы еңбек жолын 2002 жылы қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Ол кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

Серікзат Дүйсенғазы бұған дейін ENU "Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының меңгерушісі болды.

Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.

2005 жылдан бері ENU "Топжарған" жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім беріп жүр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.