Top Rank промоутерлік компаниясы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Sports.kz-тің жазуынша, Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста IBF тұжырымына міндетті үміткер, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды.
«Орта салмақтағы король қайта оралды», – делінген хабарламада.
Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді (22-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.