Раушанның бизнес бастағанына жарты жыл болған.
«66-дан астам тағам түрі бар»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы отбасылық кәсібі туралы айтып берді
Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen
13,069
оқылды

Димаш Құдайбергеннің қарындасы, жас кәсіпкер Раушан Құдайберген "Оян" бағдарламасында отбасылық бизнесі жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Раушан мейрамхана бизнесінің басы-қасында өзі жүретінін айтады. Бұл әкесінің бастамасымен ашылған кәсіп екен.

"Ата-анамның, әсіресе, әкемнің тарапынан туған ой. Соны біз де ұнатып, қостап, қолдап кеттік. Бірден құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге ізденіс жүргіздік. Негізінен ұсақ-түйек істерінің бәріне өзім араласамын. Негізгі шешімдер ата-анамның тарапынан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып, ұжыммен тіл табысып, басқарып жүремін", – дейді Раушан Құдайберген.

Раушанның бизнес бастағанына жарты жыл болған. Бүгінде мейрамхана мәзірінде 66-дан астам тағам түрі бар.

"Қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз, – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.