"Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды.
"Жетісу" футбол клубының директоры екі айға қамауға алынды
aikyn.kz
1,115
оқылды

Бұл туралы 2 маусым күні Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

"Сот шешімімен тергеу органдарының Қалмұхамет Дөңсебаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – деп түсіндірді сот.

Бұған дейін кейбір БАҚ "Жетісу" футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Оның 1,8 миллиард теңгені ұрлады деген күдікке ілінгені атап өтілді.

Бұған дейін Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбековтің ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.