Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу футбол клубы" КМҚК директорын әшкереледі. Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.
"Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген Антикор хабарламасында.
Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың екі айға қамауға алынғаны жайында жазылған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.