Станислав Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Фото: ҰОК
1,158
оқылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Станислав Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және Мажарстанның «Ференцварошын» басқарды.

Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)

Польша чемпионы (2015/16)

Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)

2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)

Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)

Мажарстан кубогының иегері (2021/22)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.