Бұлар – Қазақстандағы бірегей тренажерлер, бортсеріктер мен ұшқыштарды даярлау кезіндегі түрлі практикалық апаттық жағдайларды құруға, ұшақ есіктерінің апаттық жағдайда ашылуын, жолаушыларды эвакуациялауды, әуе кемесінің разгерметизациясын, өртті шынайы сөндіруді және күшті, қатты түтін жағдайында әртүрлі авариялық жағдайларды модельдеуге қабілетті. Әуекомпания қазір жұмыс істеп тұрған және жаңа бортсеріктер мен ұшқыштар үшін апаттық-құтқару рәсімдері бойынша оқытуды бастады.
CEET және RFFT ұшу кабиналық экипаждың жаңа және қолданыстағы құрамы үшін заңнамада талап етілетін міндетті нормативтік бастапқы даярлықты және қайта даярлауды қамти отырып, жыл бойы пайдаланылатын болады.
Компанияның оқыту академиясын заманауи тренажерлармен жарақтандыруға салған бұл инвестициясы компанияның бортсеріктер мен ұшқыштарды сапалы оқыту арқылы ұшу қауіпсіздігінің ең жоғары стандарттары мен тұрақты жетілдіруге ұмтылысын көрсетеді.
«Ұшу қауіпсіздігі бойынша оқыту – біздің басты басымдығымыз. Жаңа тренажерлар тек инновациямен ғана емес, сондай-ақ әрбір клиенттеріміздің ұшу кезінде өздерін қауіпсіз сезінуі үшін ең жоғары стандарттар бойынша даярлауды қамтамасыз етеді. Осылайша, біздің клиенттеріміз әр рейсте өздерін қауіпсіз сезіне алады. Бұл жаңа тренажерлер авиакомпанияға экипаждың жұмыс уақытын үнемдеуге де мүмкіндік береді», – деді оқыту және клиенттік тәжірибе жөніндегі вице-президент Сандра Каллен.
Сонымен қатар бортсеріктер мен ұшқыштар күн сайынғы тапсырған тестілеуден бөлек, 12 ай сайын қайта даярлау уникурстарынан өтеді. Оған қоса, жыл сайын бір рет толық күн авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша курс оқиды.
«Әр категориялық білім алғаннан кейін тестілеу өткіземіз. Мысалы, белгілі бір тақырыпқа байланысты қандай қорытынды шығарғанын, айтылған ақпаратты қай деңгейде қабылдағанын білу үшін күн соңында тестілеу болады. Оқуын енді бастаған бортсеріктерге ең бірінші қойылатын талап – теорияны меңгеру, одан кейін – практика. Практиканы Airbus 320 әуекемесінің нысанында өткіземіз. Оның бірнеше апаттық шығу люктары бар. Ол Airbus 320 әуекемесінің типіне де байланысты болады. Әр типтегі апаттық шығу есіктері әртүрлі әдіспен жасалады. Сондықтан практиканы класта бітірген соң, нысанға келіп шынайы дайындықтан өтеміз», – деді ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инструктор Айым Серікқызы.
Айым Абилованың айтуынша, бортсерік қызметіне жаңа келушілер үшін оқу кезеңінің ұзақтығы – бір жарым ай. Оның ішінде авиациялық қауіпсіздік, жүктерді тасымалдау, корпоративтік мәселелер көтеріледі.
С. БЕГІМБАЕВА