Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алған жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, турнирдің ширек финалында Рыбакина италиялық Жасмин Паолинимен кездескен болатын.
Үш сетке созылған тартысты матчта Паолини жеңіске жетті. Есеп – 6:4, 3:6, 4:6.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.