Обырды емдеу қиын, алдын алу оңай

Шымкентте жыл басынан бері скринингтің көмегімен 1 000-нан астам адамнан қатерлі ісік анықталған. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қалалық филиалы мәлімдеді.

МӘМС шеңберінде жүргізілген медициналық профилактикалық тексерулер 1 160 әйелде сүт безі мен жатыр мойны обыры және 44 адамнан тоқ ішектің қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға мүмкіндік берген. Ауруды ерте сатысында анықтаудың арқасында науқастар дер кезінде ем қабылдауға кіріскен.

Айта кетсек, скринингтік тек­серулердің көмегімен қауіпті ау­ру­ларды ерте сатысында анықтап, ас­қынулардың алдын алуға бо­ла­ды. Медициналық профи­лак­ти­ка­лық тексерулер міндетті әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру шең­бе­рін­де тегін жүргізіледі. Жыл ба­сы­нан бері аталмыш тексеру аясында Шымкентте 3 276 адамда қан ай­на­лымы жүйесінің аурулары, 500-ден астам тұрғыннан қант диабеті мен глаукома анықталған. Ма­ман­дар­дың айтуынша, скринингтік тек­серулер мінез-құлықтық тәуе­кел факторлары, артериялық ги­пертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті, жатыр мой­ны обыры, сүт безінің қатерлі ісі­гі мен колоректалды обыр, глау­кома, В және С вирустық гепа­тит­терін ерте анықтауға мүмкіндік бе­реді. Тексерулер жаңа туылған нә­рестеден бастап 18 жасқа дейінгі ба­лалар, 30 бен 70 жас аралы­ғын­да­ғы ересектер мен тәуекел топ­та­ры арасында жүргізіледі.

Шымкент қалалық Онко­ло­гиялық орталық директорының орын­басары Жұмағали Дәулетбек осы уақытқа дейін 7 924 онко­ло­гиялық науқастар «Д» есепте тұрса, осы­нау дерекке жыл басынан бергі 4 айда тағы 485 науқас қосылған.

Айта кетейік, дүниежүзінде жы­лына 14,2 миллион адамнан он­кологиялық дерттің белгісі та­бы­латын болса, оның 48 пайызы Азия­да, 24,4 пайызы Еуропада, 20,5 пайызы Америкада, 6 пайызы Аф­рикада анықталады екен. Әлем­де қатерлі ісік дертінен жыл сайын 8,2 миллион науқас көз жұмады. Оның 54,8 пайызы – Азияда, 21,5 пайызы – Еуропада, 15,8 пайызы – Америкада, 7,2 пайызы – Аф­ри­када. Осынау обыр дертінен өмір­ден өткендердің ең жоғарғы көр­сет­кіші – Ресейде. Ал бұл жөнінен Қазақстан тізімнің жетінші қата­рын­да тұр. Сонымен бірге бір күн­де дүниежүзінде 22 465 науқас қай­тыс болса, елімізде 42 науқас, Шым­кентте 2 науқас көз жұмады. 

Дәулетбек Жұманұлы Шым­кент қаласында 2023-2027 жыл­дар­ға арналған Кешенді жоспар­дың Жол картасы аясында бір­қа­тар іс-шара жүзеге асып жатқанын ай­тады. 

«Алға қойған мақсат – он­ко­ло­гиялық қызметті жақсарта оты­рып, онкологиялық аруларды ерте кез­еңде анықтау және олардың 5 жыл және одан артық өмір сүруін арт­тыру. 2024 жылдың 4 айлық ин­дикаторлардың орындалу бары­сы, атап айтқанда, бірінші инди­ка­тор онкологиялық аурулардың ер­те кезеңде I cатысында анықтау жос­пар бойынша 23 пайыз  болса, бұл көрсеткіш 24,4 пайыз болды, жоспардан үлес салмағы 5,7 пайыз­ға артқан. Екінші индикатор – 5 жыл және одан артық өмір сүруі жоспар бойынша 52 пайыз болса, 54,4 пайызға жоғарылады, жоспар­дан үлес салмағы 4,4 пайызға арт­қан. Үшінші индикатор – сырт кө­­ріністі III-IV сатысындағылар жос­пар бойынша 15,8 пайыз бол­са, бұл көрсеткіш 6,6 пайызға тө­мен­деген. Төртінші индикатор –он­кологиялық аурулары бар па­­­циенттерді сәулелік емдеумен қам­ту жоспар бойынша 36,2 пайыз  болса, бұл көрсеткіш 36,8 пайыз болды. Жоспардан үлес салмағы 1,6 пайызға артты», – дейді қала­лық Онкологиялық орталық ди­рек­­торының орынбасары Жұма­ға­ли Дәулетбек.           

 Сондай-ақ Жол картасындағы бе­сінші индикатор болып табы­латын онкологиялық аурулардың салдарынан қайтыс болатындар­дың санын төмендету жоспары да бір­шама реттелген. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы