Күрес түрлерінен Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирдің екінші күнінде балуан қыздар 1 алтын, 2 қола жүлде жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыста 72 келіде бақ сынаған Жәмила Бақбергенова финалда мажарстандық Ноеми Сзабадосты 12:11 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Осы салмақта 3-орын үшін белдесуде Гүлмарал Еркебаева украиналық Ирина Заблоцкадан 4:1 есебімен басым түсті.
59 келіде 3-орын үшін белдесуде Диана Каюмова тағы бір отандасымыз Ирина Кузнецованы 6:4 есебімен жеңді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.