Жаңа үрдіске жол ашады

Ұлытау облысында 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жо­басы шеңберінде бір ауысымда 3 600 оқушы орнын қамтитын 6 мектеп са­лы­нады деп жоспарлануда. Оның үшеуі қалалық жерде, үшеуі ауылдық елді мекендерде салынады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жо­ба­сы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­ма­сы­мен жүзеге асырылуда. Жоба ая­­­­­­­­сында елімізде 740 мың орын­дық 369 заманауи мектеп ашу жос­парланған. Бұл өз кезегінде  апат­ты жағдайдағы және үш ауы­сым­ды мектептер мәселелерін ше­­­шеді. 

Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға ар­налған рес­публикалық бюд­жет­тен 2,4 трлн теңге қарастырыл­ған.

Мемлекет үшін «Жайлы мек­теп­тердің» құрылысы өте маңызды жо­ба, өйткені ол білім беру ны­сан­дарын жұмысқа енгізуге және өс­келең ұрпақ үшін жаңа үрдістер мен ІТ технологияларды ескере оты­рып, заманауи мектептерде оқы­­­туды қамтамасыз етуге мүм­кін­дік береді. 

Жезқазған қаласында биыл пайдалануға беріледі деп жос­пар­ланған 300 орындық бірінші жай­лы мектептің құрылысы басталып кет­ті. Тағы да осындай 5 жайлы мек­теп  келесі жылы есігін айқара аша­ды деп жоспарланған. Атап өт­сек, Жезқазған қаласының  «Ба­тыс» шағынауданында – 1 200, Сәт­баев қаласының  8 шағы­нау­данында – 900, Жаңаарқа кен­тін­дегі  «Жаңа Нұр» шағынауданында – 600,  Жаңаарқа ауданының  Тү­гіс­кен ауылында  – 300, Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында 300 орындық мектеп құрылысы жос­парланып отыр. 

Ұлытау облысы Білім бас­қар­ма­сының хабарлауынша, жалпы есеп­пен 6 мектептің құрылысына рес­публикалық  бюджеттен 25,6 мил­лиард теңге қарастырылған. 

Барлық мектеп бойынша тиіс­ті жер телімдері анықталған. 

Ұлттық жоба шеңберінде жос­пар­ланып отырған мектептер бі­лім алушыларға жайлы, қауіпсіз бо­латындай бірыңғай стандартпен салынады. Сонымен қатар бұл мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне қа­­жетті жабдықтары, пәндік каби­нет­тері, техникалық құрылғылары мен жиһаздары да  толығымен бел­­гіленген қаражат арқылы жаб­дық­талады. 

«Жайлы мектеп» ұлттық жо­ба­сының шеңберінде ашылатын мек­­тептерге директорларды бе­кітуге де ерекше талап қойылады. Дирек­тор­лыққа үміткерлер «Білім берудегі өз­герістер көшбас­шы­ла­рын іріктеу және даярлау тәр­ті­бі­не» сәйкес таңдалады. Қазір тәр­тіп­­ке сәйкес іріктеу туры жүр­­­гізілуде. 

Ұлттық жобаны іске асы­ру­шы бірыңғай оператор бо­лып Samruk-Kazyna Construction компаниясы белгіленген. 

Бүгінде жайлы мектептердің құрылысы бойынша барлық құ­жат­тама электронды форматқа кө­шірілді. Бұл мемлекетіміздің құ­­рылыс саласын цифрлан­дыру­да­ғы үлкен серпіліс екені анық.

– Жайлы мектептерді жобалау, салу және жабдықтау бойынша бар­­лық құжаттама электронды фор­­матта жүргізілетін болады. Бұл жүйеде сыбайлас жемқорлық қауіп-қатері жоқ. Құрылыс сала­сын­­да біз «Жайлы мектеп» пилот­тық ұлттық жобасы аясында елі­мізде бірінші болып Е-Qurylys жүйе­сіне көшіп жатырмыз. Құ­ры­лыс жұмыстарына аса жауап­кер­ші­лікпен қараймыз. Мерді­гер­лер­дің жұмысы да бақылауда. Ком­­­пания­дан апта сайын техникалық есеп­тер талап етіледі. Құрылыс жұ­мыс­­­­тары барысында сапаға ба­сым­дық бере­міз, – дейді SamrukKazyna Construction басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

Жезқазған қаласының «Жай­­лы мектеп» ұлттық жобасы ая­сын­да құрылысы бас­тал­ған  білім ор­дасы Жезқазған қа­ласына қарасты Қа­банбай ша­ғы­науданында са­лынып жатыр. Жос­пар бойынша жыл соңы­на дейін құрылыс аяқта­лу­ға тиіс. 

200-ден астам отбасы тұратын ел­ді мекенде бұрын-соңды мектеп бол­маған.  Мердігер – «Nur Astana Kurylys» компаниясы. 

Мұндағы 300-ге жуық оқушы ав­тобуспен Жезқазғанға қатынап оқып келген болатын. 

– Оқушылардың орын жетіс­пеушілігі Жезқазған қаласында, Сәт­баев қаласында, яғни халық көп қо­ныстанған жерлерде бар. Қа­зір об­лыста жаңадан ашылатын мек­теп­тер болсын, қазіргі мек­теп­тер болсын педагогтермен қам­та­масыз ету бойынша жұмыстар жү­ріп жа­тыр. 2022 жылда да, 2023 жылда да бізде 300-дей педагогтің қа­жеттілігі болған. Мұғалімдер тап­шылығын жою мақсатында Бі­лім басқармасы өзге облыс­тар­дағы университет­термен байланыс ор­натты. Соның нәтижесінде был­тыр өңірге 155 жас маман кел­ді, –  дей­ді Ұлытау об­лыс­тық Білім бас­қармасының басшысы Сапура Төлекова.

Бір жақсысы, жаңадан са­лы­нып жатқан білім оша­ғын­да жылу мә­селесі болмайды, өйткені ны­сан­­ға жеке модульді қа­зандық са­­­лынады.

Ғимарат 5 блоктан тұрады. Бі­лім ошағында 25 орындық даяр­лық тобына орын қарастырылған. Айналасында спорт, футбол, work out, іс-шаралар өткізуге арналған алаңдар орналасады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Ұлытау облысы