Маусымдағы маңызды жүлделердің біріне қол жеткізді.
Қазақстандық спортшы садақ атудан Азия кубогының жүлдегері атанды
Фото: ҰОК
1,186
оқылды

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогында Қазақстан құрамасының мүшесі Ильфат Абдуллин күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Абдуллин классикалық садақ атудан құрлық додасының финалына шығып, Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді. Осылайша, маусымдағы маңызды жүлделердің біріне қол жеткізді.

Одан бөлек, блоктық садақ атудан Андрей Тютюн Азия кубогында  топ жарып, жеңіске жетті.

Айта кетелік, Ильфат Абдуллин бастаған Қазақстан құрамасы садақ атудан Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.