Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді. Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.
Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.
Қазір Заңғардың еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар. Соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.