Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі команданың Парижде өтетін Олимпиада ойындары алдындағы жоспарын жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ерлер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Жоспар бойынша команда кеңейтілген құрамда Анталияда🇹🇷 бір апта өткізді. Боксшылар жағажайда жүгіріп, дәл сол жерде бокс жаттығуларын жасады, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық жұмсақ климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Бұл – соның алғашқысы», - деп хабарлады федерациядан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.