Жалақының уақытында берілуін бақылаймыз – Нұрымбетов
Жалақының уақытында берілуін бақылаймыз – Нұрымбетов
Фото: Интернеттен алынды
253
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс орындарының сақталуы мен жалақының уақтылы төленуін бақылайтын мониторинг жұмысының күшейтілетінін мәлім етті, – деп жазады «ҚазАқпарат». «Сыртқы нарықта қалыптасып жатқан жағдай және ішкі экономикаға түсіп жатқан салмаққа қарамастан, Үкімет тарапынан халықтың алдында алған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалады. Біздің елімізде 4 миллионнан астам зейнеткер, әртүрлі жәрдемақы алатын азаматттар бар. Оларға тиесілі қаражат – 3 трлн 400 млрд теңге көлемінде қарастырылған», – деді Біржан Нұрымбетов. Министрдің айтуынша, жұмыспен қамту шаралары да толығымен жүзеге асады.
«Бұл ретте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әлеуеті пайдаланылады. Қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен қарастырылған. Жұмыс беріп жүрген азаматтардың жұмыс орындарының сақталуы, жалақының уақтылы төленуін бақылайтын мониторинг жүйесі бар. Осы мониторинг жұмысын сәл күшейтуге тура келеді», – деді министр.
Айта кетейік, бүгін Үкімет басшысы «Халықты қиын жағдайда қалдырмаймыз»  деген болатын.