Чехияның Брно қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирінің соңғы кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған халықаралық сында Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы қорғайды. Айбота биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, Азия чемпионы атанған болатын.
Айта кетелік, турнир 15-16 маусымға жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.