Турнирге 500-ден аса спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан командасы стенд атудан Италиядағы әлем кубогына қатысып жатыр
Фото: ҰОК
936
оқылды

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше,  стенд атудан Қазақстан командасы Италияның Лонато қаласындағы рейтингтік әлем кубогына қатысып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әлем кубогы кезеңі 10-19 маусым аралығында өтіп жатыр. Турнирге 500-ден  аса спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан атынан 15 спортшы өнер көрсетеді. Мергендер трап, скит аралас трап-микс және скит-миксте сынға түседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.