Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық ста­дионда SUPER BOL қазақстандық футбол-әлеуметтік жобасының үлкен финалы өтті.
Шымкентте SUPER BOL реалити шоуының финалы өтті
687
оқылды

Бұл – жастарды спортқа, бәсекелестікке қызығушылығын арттыру, жан-жақты әрі талантты жас футболшылар үшін бастапқы алаң ұсынуды мақсат еткен бірегей және ауқымды спорттық жоба. Жоба өзінің ауқымдылығы мен бірегейлігіне байланысты отандық және шетелдік аудиторияның қызығушылығын тудырды. Аталған шара қазақстандық футболды сапалы жаңа деңгейге шығару процесін бастауға көмектесетін дәл импульске айналып жатыр. 

Super bol қазақстандық әлеу­мет­тік жобасының финалдық матчы­ның салтанатты ашылу рә­сіміне қала әкімі Ғабит Сыздық­беков, Пре­зидент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бас­шысы Асқар Омаров, жобаның бас менеджері Давид Лория қатысты.

Сонымен бірге биыл жоба ау­қым­дылығына байланысты шетел­дік аудиторияның елімізге деген қызығушылығы артты. Бұл матчқа еуропалық, азиялық және қазақ­стандық клубтардың скауттары, сондай-ақ Челси мен Франция құрамасында ойнаған әлемдік футболдың супер жұлдызы Флоран Малуда, сондай-ақ ПСЖ мен Сене­гал құрамасының бұрынғы ойын­шысы Халилу Фадига арнайы келді.

Үшінші мегаполис басшысы Ғабит Әбдімәжитұлы КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеваниди мен басқа да шетелдік қонақтарға шапан жауып, құрмет көрсетті. Құрмет көрсетілгендердің қатарында матч­қа арнайы келген әлем футболының жұлдыздары Флоран Малуда мен Халилу Фадига да бар. 

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Асқар Омаров Мемлекет басшысы балалар футболын дамы­туға көңіл бөліп жатқанын, мұндай жоба бұқаралық спортты дамыту, жас футболшыларға зор серпін беретінін атап өтті. Ал қала бас­шысы мегаполисіміздің дамуы мен гүл­денуіне елеулі үлес қосқан азамат­тарға «Шымкент қаласының құр­мет­ті азаматы» атағын табыс етті. Олар­дың қатарында белгілі режис­сер, «Ника» сыйлығының және Канн кинофестивалінің лауреаты Сергей Дворцевой және КСРО спорт шебері, қазақ фут­болының аңызы Евстафий Пех­леваниди бар. Таны­мал екі тұлға да Шымкент қаласында дүниеге кел­ген.

Гранд финалда кеңестік және еліміздің футболының аңыздары Вахид Масудов пен Дмитрий Огай­дың командалары кездесті. Соны­мен, үлкен финалда Вахид Масудов­тың командасы 3:1 есебі­мен жеңіске жетті.

Сондай-ақ үзіліс кезінде отан­дық жұлдыздар өнер көрсетіп, кө­­рер­мендер үшін футболдың үз­дік дәс­түрлеріне айналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы