Келесі айналымда Бублик америкалық Кристофер Юбенкспен жолығады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Галледегі турнирді жеңіспен бастады
Фото: ҰОК
849
оқылды

Теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан теннистен АТР 500 турнирін жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше,  Қазақстанның бірінші ракеткасы австралиялық Макс Пёрселлмен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Есеп - 7:6, 6:4. 

Келесі айналымда Бублик америкалық Кристофер Юбенкспен жолығады. 

Айта кетелік, Александр Бублик былтыр осы турнирде топ жарған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.