Турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италияны ұтты.
Қазақстандық садақшылар Түркиядағы әлем кубогының финалына шықты
Фото: ҰОК
1,113
оқылды

Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова Антальядағы (Түркия) әлем кубогының финалына шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтынға таласады.

Турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италияны ұтты.

Алтын үшін таласта Ұлыбританиямен кездеседі. Матч 22 маусымға жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.