Бүгінде бесіктен белі шықпай жатып бүлінетін жастар аз емес. Әсіресе, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар жаға ұстатып тұр.
Азғынның «апаны»
1,171
оқылды

Оның бірінде әлі бүршік жармаған балғынды төсек қатынасына өзінің туысы тартса, енді екінші жағдайда жас баланы жыныстық қатынасқа көршісі азғырған. Әрбір екі жағдайдың бірінде бүлдіршіннің болашағы бұзылып жатқанын аңғару қиын емес. Тек некен-саяқ жағдайда жасөспірім азғындықтан аман қалып жатады. 

Зорлау мен азғыру өршіп тұр

Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ Юве­­налды полиция бө­лім­­шесі берген ақпаратқа сүйен­сек, биылғы жылдың бес айында кә­мелетке толмағандарға қатысты жы­ныстық сипаттағы қылмыстар 28,6 пайызға, ал 16 жасқа толмаған тұл­ғамен жыныстық қатынасқа тү­су 66,7 пайызға төмендеген екен. Алайда зорлау, жыныстық си­паттағы зорлық-зомбылық әре­кет­тер және жас баланы азғыру 100 пайызға өсіп кеткен. 

– Кәмелетке толмағандардың жы­ныстық тиіспеушілігіне қарсы қыл­мыстардың алдын алу өте қиын. Өйткені әрбір екінші қыл­мыс­ты үй жайға жақын адамдар, бір­ге тұратын өгей әкелері, көр­­­ші­лері немесе жақындары жасап жа­тады. 

Тіркелген деректерді талдау к­е­зінде ең бірінші жұмыссыз ха­лық­тың көбеюінен қылмыстардың са­ны артып жатқанына көз жетті. Одан бөлек, интернет-желілердің қол­­жетімділігі, ата-аналар тара­пы­нан өз балаларының қауіпсіздігі мә­селесіне аз көңіл бөлуі, олардың бай­ланыстары мен бос уақытын ба­қылаудың жеткіліксіздігі жы­ныс­тық сипаттағы қылмыс түрін өр­шітуде. Мәселен, бес айда тір­кел­ген жыныстық сипаттағы зор­лық-зомбылықтың бір дерегі өзі­нің танысымен жасалған. Ал 16 жас­қа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсудің 3 дерегі өзара келісім бойынша бол­ған. Жас баланы азғырудың 2 де­регі өзінің танысымен орын алса, біреуі нағашы ағасымен жасалған. Бір қылмысқа көршісі барған.

Жыныстық сипатағы қыл­мыс­тардан ең белең алып тұрған 16 жасқа толма­ған­дар­мен жыныстық қатынасқа түсу Тараз қаласы аумағында тіркеліп отыр. Үш деректе де жасөс­пірім­мен жыныстық қатынасқа түсу өза­ра келісіммен орын алған, – дей­ді Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ Юве­налды полиция бөлімшесінің бас­тығы Айбек Асабаев. 

Қылмыскерлер некеге тұруға тырысады

Иә, бұл шын мәнінде төбе ша­шыңды тік тұрғызатын жағдай. Жат емес жақының осындай қия­нат жасап жатса, елге не бетіңді ай­тасың? Ювеналды полиция бө­­­­лімшесінің бастығы Айбек Аса­баевтың сөзіне сүйенсек, көп жағ­­­дайда жасөспіріммен жыныс­тық қатынасқа түсіп қойған тұл­ғалар отбасы абыройын ойлап, аза­­маттық некеге тұруға тырысады екен. Ал кейбірі ата-баба дәстүрін алға тартып, жасөспіріммен не­ке­ге тұрып, қылмыстық жауапкер­ші­ліктен жалтаруға жан салатын кө­рінеді. Осылайша, олар жыныс­тық қатынас өз еркімен болды деп бұрмалап алуда. 

Негізі, тәртіп сақшылары мен пси­хологтер бала тағдырына ата-ана тікелей жауапты екенін алға тар­тады. Көп жағдайда жайсыз от­басылардан бұзық балалар мен зор­лық-зомбылық көрген жасөс­пірімдер шығып жататыны да бел­гілі. Ювеналды полиция бө­лім­шесі жүргізген талдау нәти­же­сіне көз жүгіртсек, жыныстық си­­­­патындағы зорлық көрген жә­бір­ленушілердің 87,5 пайызы то­лық емес отбасынан шыққандар екен. Екеуінің ата-анасы бұрын сот­ты болған. Енді екеуі «қорғау нұс­қамасы шығарылған» санат­тары бойынша есепте тұрған әке-шеше. 

Тағы бір айта кетерлігі, аз­ғын­дыққа жол берді деген күдіктілердің жасы 18 бен 62 жас ара­лығында. Жыл басынан ұстал­ған 4 ересек азаматтың орта білімі бар болса, бір күдіктінің өзі – буы­ны әлі қатпаған колледж білімгері. Бір азамат «Шартты түрде соттал­ған санаты» бойынша полиция бө­лімінде есепте тұр. 

Ойнап жүріп, от басу 

Қылмыстар бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында жасөспірімдермен және оларға қар­сы қылмыс жасаудың негізгі себебінің бірі үйден кету деректері болған. 

– Қала аумағында жыл ба­сы­нан бері 91 кәмелетке толмаған жа­­сөспірімнің үйден кету хабар­ла­масы тіркелді. Оның 45-і қыздар болса, 46-сы – ұл бала. 91 жастың 63-і – мектеп оқушылары. 24-і кол­ледж білімгері болса, төртеуі – еш жер­де оқымайтындар. Міне, осы­лай­ша жасөспірімдер үйден қа­шу арқылы от басып жатады. Сон­дықтан біз ата-аналармен де жі­ті түсіндірме жұмыстарын жүр­гі­зіп, балалардың үйден кету се­беп­терін анықтап, алдын алып жа­тырмыз. Ол үшін кәмелетке тол­маған­дар­дың құқығын қорғау жөніндегі ко­миссияда 60 іс-құ­жат­ты қарап, ар­найы мектепке 8 жа­сөспірімді ор­наластырдық. «Түн­гі қаладағы ба­­лалар» атты же­дел алдын алу іс-шарасын да қол­ға алып, бей­мез­гіл уақытта кө­ше кезген бала­лар­ды үйлеріне қай­тардық, – дей­ді Юве­налды по­лиция бө­лім­шесінің бастығы Айбек Асабаев. 

Бұл ретте түнгі мезгілде заңды тұл­ғалардың қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кә­мелетке толмағандардың ата-ана­ларына әкімшілік шаралар қол­­­­­данып жатқанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тарапынан түрлі профилактика­лық шаралар да жүргізілуде. Алай­да одан тентек балалардың саны азаймай тұр. Мәселен, жыл басы­нан бері түрлі құқықбұзушылық­тары үшін 1 171 жасөспірім ішкі іс­тер органдарына жеткізілген. 135 жасөспірім және 64 қолайсыз от­басы есепке алынған. Сондай-ақ 179 жасөспірім Полиция бас­қармасының профилак­ти­калық есебіне ілінген. 

Бірнеше рет құқықбұзушылық жа­сағаны үшін девиантты мінез-құл­қы бар балалар мен жасөс­пі­рім­­дерге арналған арнайы мектеп­ке 6 кәмелетке толмаған ор­на­­лас­­ты­рыл­са, 31 ата-ана немесе қамқор­шы «ата-ана» құқығынан айырыл­ған. Бұдан бөлек, рейдтік шаралар ба­­­­рысында спирттік ішімдік іш­кен, бұзақылық жасаған және түн­гі уақытта қараусыз қалған 122 жа­­сөспірім «Өмірлік қиын жағ­дай­да қалған балаларды қолдау ор­талығына» жолданған.

Жан дүниесі жаралы жаннан азғын шығады

Міне, байқап тұрсаңыздар, қо­­­лайлы орта көрмеген бала қыл­мысқа барып немесе өзі қыл­мыс­кердің құрбанына айналып жа­тады. Осы қараусыз жүрген ба­­­­­­­лалардың қаншасы зорлық-зом­былық көріп жатқанын тап ба­сып айту қиын. Өйткені тәртіп сақшылары мен ата-ана көп жағ­дайдан беймәлім болып жататын кезі көп. Ал мектеп пен орта оқу орын­дары жыныстық сипатын­дағы қылмысты жасыруға тыры­сып жататындығын көз көріп, құлақ естіп жүр. Ересек не қатар­лас­­тары тарапынан зорлық көрген кей­бір жастар ішіндегісін бөлі­се­тін адам таппай, соңы ауыр ше­шім­ге келіп жатады. Оның ең өзек­тісі – өз-өзіне қол салу. Биыл­ғы жылдың бес айында суицидтің 8 дерегі тіркелсе, оның 2-і өліммен аяқ­талған. Өз-өзіне қол салған­дар­дың 6-ы қыз бала болса, 2-і – ұл. Олардың 3-і – мектеп оқушы­сы. 4-і – колледж білімгері. 1-і ға­на еш жерде оқымайды. Бұлар­дың да дені толық емес отбасынан шыққан. 

Осы орайда жасөспірімдерге азғындық жасау ауру ма, әлде бұның басқаша психология­лық түсінігі бар ма, соны білмекке маман кеңесіне жүгіндік. Сондай-ақ жыныстық зорлық көрген ба­ла­мен қалай жұмыс істеу керек?

– Психологияда «Инцест» де­ген термин бар. Бұл – өзінің туыс, жа­қындарымен жыныстық қаты­нас­қа түсу деген ұғым. «Инцест» бұл ауру емес. Бұл – психикалық өз­геріс. Адам не жақынын, не қар­сы тұрған адамның жынысын ажы­рата алмай қалатын күйге тү­седі. Мұндай психикалық ауытқу кез келген адамда кез келген уа­қытта болуы мүмкін. Сондықтан адам егер бойынан сондай өзге­ріс­ті байқаса, бірден психологке жү­гінуі керек. 

Ал мұндай психикалық өзге­ріс­ке ұшыраған адамның құрба­ны­на көп жағдайда қараусыз қал­­­­­ған балалар айналып жатады. Егер ата-ана жақынының не туы­сының әрекетінен өзгеріс байқаса, ба­ласына бақылауды күшейту ке­рек. Себебі психикалық ауыт­қу­ға ұшыраған адам өзі білместен зор­лық әрекетке баруы ықтимал. 

Баланы негізі, 3 жастан бас­тап ата-ана бөлек жатқыза бастайды. Міне, осы кезден бастап балаға жыныстық мүшені көрсет­пеу, бөтен адамдардың қасында киініп жүру деген сияқты нәрсені үй­рету керек. Ата-ана баласымен ашық сөйлесуден қорықпауы қа­жет. Сонда ғана оны қауіптен аман алып қала алады. 

Көп жағдайда ата-ана бала­сы­на жыныстық зорлық көрсетіл­ге­нін жасыруға тырысады. Осылай­ша, олар баланың болашағын қор­ғап жатырмыз деп ойлайды. Алай­да бұл дұрыс емес. Егер зор­лық көрген баланы тез арада тиісті ма­манға апармаса, оның арты қай­­­ғылы оқиғамен аяқталуы мүм­кін. Ата-анасына, не өзге жақын­да­рына ішкі дүниесін айта алмаған ба­ла соңы өз-өзіне қол салуы мүм­кін. Мұндай жағдайларды күн­делікті көз де көріп жүр. 

Бала кезінде зорлық көрген ба­ланың өзі де ержеткенде азғын­дыққа баруы мүмкін екенін бүгінгі психология дәлелдеп отыр. Бала ке­зінде жан дүниесіне түскен жа­ра­­сын өзгеге қиянат көрсету ар­қы­лы жазғысы келетін жағдайлар көп. Сондықтан зәбір көрген ба­ла­ның жан жарақатын ж­асырмай, ке­рісінше онымен ма­мандар жұ­мыс істеуі керек. Қазір құ­пия түр­де көмек көрсететін пси­холо­гиялық та, медициналық та ор­та­лық­тар бар. Міне, осы жер­де балаға дер ке­зінде көмек көр­се­тіл­гені абзал, – дейді психолог Мөлдір Сабер­бекова. 

 

P.S.

Психолог маман осындай кеңес беруде. Бұны дұрыс әлде бұрыс дей алмаймыз. Өйткені баласының жыныстық зорлық көргенін жасыру әлде жасырмау – әр ата-ананың жан дүниесінің еркі. Алайда «ауруын жасырғанды өлім әшкерелейтінін» ұмытпаған жөн. Әзірге, бүгінгі медицина, психология, тәртіп сақшылары, тіпті билік өкілдері психологиялық ауытқуға түскен адамды ерте анықтап, қылмыстың алдын алуға мүмкіндігі болмай жатқан тұста бауыр еті балаңызға өзіңіз сақ болғаныңыз абзал. Ертең бармақ тістемес үшін, бүгін балаңызбен ашық сөйлесіп, қоршаған ортасы мен қандай күйді бастан кешіп жүргенін қазірден білгеніңіз жөн. Сонда ғана қауіптің бетін қайтара аласыз. 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы