Брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр.
Тарихи жолдама: Амир Закиров брейкингтен Париж Олимпиадасына барады
Фото: ҰОК
976
оқылды

Амир Закиров брейкингтен Олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.     

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Амир Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жеңілді. Осылайша, екінші орынмен қатар, олимпиадалық квота иеленіп отыр. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинады (Шанхайда ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген. 

Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Демек, Закирдің квотасы тарихи жолдама саналады. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.