Күрес түрлерінен Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуан Шәміл Досбол жеңіс тұғырынан көрінді.
Досбол – грек-рим күресінен жүлдегер
580
оқылды

Ұлттық олимпиадалық комитет атап өткендей, грек-рим кү­ресінен 60 келі салмақта ел намысын қор­ға­ған ол екі дүркін Азия чемпионы болды. Шәміл Досбол 17 жасқа де­йінгі спортшылармен белдесіп, Қытай мен Үндістан бал­уандарын жеңіп, финалда Өзбекстанның өкілімен тең түсті. Алайда соңғы нәти­желі әдісті жасағандықтан жеңіс қазақ спортшысына берілді.

Одан басқа, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медальді иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) мен Едіге Төлеутаев (51 келі) қола жүлдеге ие болды. Алмат Кебіспаев жат­­тықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.