Қыздар құрамасы жарысты қола медальмен аяқтады.
Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатында алты медаль алды
Фото: ҰОК
1,443
оқылды

Иорданияның Хашимит қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия біріншілігі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қыздар құрамасы жарысты қола медальмен аяқтады. 

Атап айтар болсақ, Сәния Сұлтанғали (49 келі), Мадхия Османова (53 келі), Анна Стратан (57 келі), Ұлдана Тілеухан (65 келі),Зейнеп Эламас (69 келі), Ақбота Қадыр (73 келі) құрлық додасында үздік үштікке енді

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.