Бүгінде 10 млн-ға жуық билеттің жартысы сатылып кеткен.
Париж Олимпиадасы-2024: билеттер қанша тұрады және қалай сатып алуға болады?
893
оқылды

Париж Олимпиадасының басталуына бір ай қалды. Төрт жылдықтың басты додасын тамашалауға мүмкіндік беретін билеттің орташа құны – 50 мың теңге. Бүгінде 10 млн-ға жуық билеттің жартысы сатылып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Олимп ойындарындағы ең арзан билет – гольф бағдарламасында. Кіру құны шамамен 11 мың теңге болса, жеңіл атлетика бағдарламаларын жақыннан көру 110 мың теңгеге дейін жетеді. Себебі, желаяқтарға көрермен тарапынан қызығушылық жоғары. Ал ойындардың ашылу салтанатының билеті 49 мың теңгеден басталады.

– Бұл – Трокадеро алаңы. Мұнда жоғары лауазымды тұлғалар мен ашылу салтанаты кезінде Сена өзені бойымен жүріп өтетін спортшылар отыратын болады. Бұл орындардың барлығы салтанатты шара кезінде қоюшы-суретшіміздің сценарийіне сай түстерге көмкеріледі. Дәл осы жерде Олимп ойындарының ашылу салтанатында алау жағылады, – дейді Париж Олимпиадасының салтанатты шараларын ұйымдастырушы Мари-Катрин Эттори.