«Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тәсібеков бас бапкермен кездесіп, тіл үйрену туралы кеңесін айтты.
«Алғашқы сабағына қатысты»: футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қазақ тілін үйрене бастады
Фото: ҚФФ
1,282
оқылды

Жуырда ғана футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді қолға алды. Жаттықтырушы бүгін алғашқы сабағына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

BasSport.kz-тің жазуынша, қазақ тілінің маманы, «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тәсібеков бас бапкермен кездесіп, тіл үйрену туралы кеңесін айтты. 

– Бүгін бірінші дәрісті өткіздік. Станислав мырзаның тіл үйренуге деген ынтасы барын байқадым. Ал, ең бастысы, қазақ тілін үйренуге ниеті бар екен. Олай болса, тәуекел, біз бастадық. Сәттілік тілеп қойыңыздар, - деп жазды Қанат Тәсібеков. 

Айта кетейік, бұған дейін 26 маусым күні баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске ескерту жасаған бас бапкер Станислав Черчесовтің басы дауға қалған болатын. Жаттықтырушының тілге қатысты айтқан сөзі қоғамда қызу талқыланды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.