Әйелдер күресінен 62 келі салмақта сынға түскен Тыныс Дубек күміс медаль иеленді.
Тыныс Дүбек күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс медаль салды
Фото: ҰОК
1,872
оқылды

Иорданияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер күресінен 62 келі салмақта сынға түскен Тыныс Дубек күміс медаль иеленді. 

Айналмалы жүйе бойынша өткен турнирде ол үндістандық Нитикадан екі рет жеңілді. 

Айта кетелік, Тыныс Дубек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түскен. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.