Жарысқа 239 спортшы қатысады.
Үстел теннисінен Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды
Фото: ҰОК
758
оқылды

30 маусым мен 6 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарысқа 239 спортшы қатысады. Медальдар командалық және жекелей сында, аралас және жұптық сында сарапқа салынады. 

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: 

Алан Құрманғалиев, Қадырали Қабдылуахитов, Абдулла Мамай, Ши Данян, Алихан Қадыри, Асылхан Мағзұмбеков, Алексей Маркин, Бақдаулет Сәуірбай, Сарвиноз Миркадирова, Альбина Жақсылыкова, Дарья Фу, Ақниет Амангелді, Нұрсая Нұрман, Жания Бекмұхамбетова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.