
– Биыл жазда, дәлірек айтсақ, 13 маусым күні Нұр-Сұлтанда UFC тарихында алғаш рет қазақ шоуын өткізеді. Сізді сол жерде көреміз бе? – Келісімшарт бойынша әлі анонсы шықпаған жекпе-жек жайында тіс жармауым керек. Сондықтан бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Бәрін уақыты келгенде білесіздер.[caption id="attachment_26931" align="alignleft" width="444"]

Өзге түгілі өз еліңде жүріп биік шыңды бағындыру қашанда ауыр. Ал өзге елде жүрген маған бұл белесті бағындыру қиын болды. Міне, сондайда кез келген көмек, жылы лебіз бен сөз жанға қуат береді. Соның арасында ірі демеушінің бірі Tv-Com.kz компаниясы өз елімнен болғаны төбемді көкке жеткізді.[caption id="attachment_26934" align="alignnone" width="1000"]

Жеңістің құпиясы неде?
– 8 жекпе-жектің алтауын уақытынан бұрын жеңіспен аяқтап, тек бір ұтылысыңыз бар. Өткенге қарап, сол күресте өзіңізден қандай қателік кетті деп ойлайсыз? Әлде жеңіске жету үшін жігер жетпеді ме? – Біріншіден, тәжірибе аздық етті. Екіншіден, тамақтану, салмақ қосу бойынша білетінім аз болды. Қазақстандағы жиған-терген тәжірибем әлемдік аренада жеткіліксіз еді. Соның орнын тез арада толтыруға тырыстым. Қазір бәрі жақсы.
Мәселен, таңғы асқа тәтті қауыз немесе кешкіге йогурт жеген дұрыс. Бірақ қауыздың өзі көміртекке, ал йогурт қантқа толы. Шынын айтсақ, бізде дұрыс тамақтануды, соған қарай қалай жаттығуды ешкім білмейді. Алғашында мен де білгенім жоқ. Осы жаққа келіп, жаттыға жүріп, дұрыс салмақты сақтай алуды үйрендім. Біздің елдегі ММА сол жағынан ақсап жатыр.

Мария АҚШ-та қала ма?
– Ал сіздің АҚШ-қа кетуіңізге не себеп болды? – «Адам жоспарлайды, Алла Тағала шешеді» дегендей, «АҚШ-қа барамын, сол жақта қаламын» деген ой менде мүлде болмады. Шетелге кетуіме себепкер болған Dana White's Contender Series шоуы еді. Солармен келісім жасап, жай ғана бір-екі кездесу өткізіп қайтамын деп ойладым.
Сол жекпе-жектен кейін Invicta FC ұсыныс жасады. Қажетті заттарымды алып келуге үйге де бармай, бірден қалып қойдым. Бір қабат киімімді, қажетті заттарымды осы жақтан алдым. Міне, содан әлі жүрмін. Бір жылдай болып қалды-ау...– Ол жақта ешқандай тіреусіз, өз-өзіңізбен күнелту оңай шаруа емес. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, біраз қиындық көрген де боларсыз, алайда жаныңызды қинағаны не еді? – Аңсаған арман-тілегіңе жету жолында бәрен шыдайды екенсің. Осыған көзім жетті. Қазір демеушілерімнің арқасында тамағым да тоқ, үйімнің пәтерақысы да, қарызымды да жаба аламын. Әйтпесе, оған дейін айдан айға қарызданып жететінмін. Тұрмыстық қиындықты да, аштықты да көтере аласың. Жанымды қинағаны – белгісіздік.

Жарақаттарым болған соң, жекпе-жекке де шыға алмадым. Арасында көлік апатына түскенім бар. Міне, сол аралықта қайда бара жатқанымды, күреспен мүлдем айналыса алмай қаламын ба деген қорқыныш болды. Оған тағы жейтін тамағың таусылып, пәтерақың келгенде «ақшаны қайдан табамын» деген уайым қосылды. «Қарызымды қайтара аламын ба?, «құтыла алмасам ше?» деген ойлар мені сан-сақтан жеді. Осындай күйде үш айдай жүрдім.[caption id="attachment_26947" align="alignleft" width="527"]


Марина күреске қалай келді?
– Күрес алаңындағы кумиріңіз кім? – Бұрын теледидардан UFC-дің сайысын жібермей көретінмін. Аманда Нуньес, Йоанна Еджейчик секілді болсам дейтінмін. Ал қазір сенесіз бе, бәріміз бір залда жаттығамыз. «Армандар орындалды» деген осы, бүгінде олар менің достарым. [caption id="attachment_26951" align="alignright" width="392"]
Оның үстіне, мектепте балалар мазақтап, тиісе беретін. Өзімді қорғағым келіп, жекпе-жекпен айналыса бастадым. Хоббиға айналған бұл іс бірде ақша әкеле бастады. Сөйтіп, жұмысыма айналды.– Күрестегі қыздардың төбелестің ортасында жүріп, әйелге тән нәзіктік жоғалып кетуі мүмкін бе? – Меніңше, қанға біткен қасиет ешқайда жоғалмайды. Бойдағы нәзіктік қалай десек те, болмыс-бітімде көрініп тұрады. Күресте бастысы нәзіктікті емес, денсаулықты жоғалтып алмауы керек. Жекпе-жек аяқасты сәтсіз аяқталса, арты қиын болады. Сондықтан «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» бәрін ұқыпты жасаса, ештеңені де жоғалтпаймыз.

Жекпе-жекпен айналысуына қарсы болған кім?
– Күреспен түбегейлі айналысуға ата-анаңыз қарсы болмады ма? – Әрине, ата-анам қарсы болды. Әлпештеп, аялап өсіріп отырған қызын төбелеске кім жіберсін?! Әсіресе, әкем беріге дейін бері қарамады. Кикбоксингпен айналысып жүргенімде марқұм әкем жұптасуыма келіп, «Тамаша, сенің жақсы күресетініңді білмеппін» деп риза болған. Ертеңінде базарға апарып, қолғап пен басқа шлем алып берді.Ол әлі Павлодардағы үйде сақтаулы тұр. Қазір табыс тауып, танылып жатқанымды көрген анам жұмсарып, қолдайтын болды. Отбасымның ішінде қалаған дүниеме орын табу оңайға түспеді. Бәрібір түбінде өз дегенім болды.– Өзіңіз Павлодардың тумасы екенсіз, ата-анаңыз немен айналысады? – Жанұям әлі Павлодарда тұрады. Анам сол жақтағы бір компанияда бас есепші. Ал әкем 11 жасымда қайтыс болған.

Бірақ не салдыратынымды білмей дал болып, сол кісінің кеңесімен бесінші нүктеме бантик жасаттым. Кейін анам оны білгенде, тату салған адамның үстінен арыз жазып жібермекші еді. Тіс жарып айтпаған соң, ол да қалды.