Париж Олимпиадасының салтанатында Қазақстанның Туын кімдер алып шығатыны анықталды.
Париж Олимпиадасы: Қазақстанның Туын ұстайтын спортшылар белгілі болды
583
оқылды

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азат Имашевтің айтуынша, бұл міндет боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға табысталған.

Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл). Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысады. 

Сафронова өз кезегінде Азия чемпионатында (2017) және Азия ойындарында (2014) жеңіске жетті. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында бақ сынаған. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде күні басталады. Қазақстан еншісінде 25 спорт түрінен 88 лицензия бар.