Бұл жеңісі велошабандоздың алға шығуына жол ашты.
"Тур де Франс": "Астана" командасының велошабандозы рекорд орнатты
www.istockphoto.com
817
оқылды

Astana Qazaqstan Team велокомандасы сапында өнер көрсететін британиялық велошабандоз Марк Кавендиш беделді "Тур де Франс" көпкүндігінде ерекше жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы "Тур де Франс" жарысының ресми сайтына хабарлайды.

Марк Кавендиш бесінші кезеңнің жеңімпазы атанды. Ол 177,4 шақырым қашықтықты 4 сағат 8 минут 46 секундты артта қалдырды. Бұл жеңіс британиялық үшін көпкүндік кезеңдерінде жеткен 35-жеңісі. Осылайша, Astana Qazaqstan Team велокомандасының шабандозы аты аңызға айналған бельгиялық Эдди Меркстің рекордын жаңартты. Осыған дейін екеуінің Гранд-тур кезеңдеріндегі жеңіс саны 34-ке тең болған. Бұл жеңісі Марк Кавендиштің алға шығуына жол ашты.

Сондай-ақ бұл кезеңде Alpecin-Deceuninck велокомандасының бельгиялық шабандозы Яспер Филипсен мәреге екінші болып келсе, Uno-X Mobility командасының норвегиялық шабандозы Александр Кристофф үштікті түйіндеді.

Жалпы есептегі көшбасшылықты UAE Team Emirate командасы атынан өнер көрсететін словениялық Тадей Погачар сақтап қалды. Екінші орынға Soudal Quick-Step командасының нидерландық Ремко Эвенепул жайғасса, үшінші орынды Team Visma командасының даниялық шабандозы Джонас Вингегор иемденді.