Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, чехиялық Катерина Синяковаға қарсы өткен кездесу үш сетке созылды.
Қазақстандық спортшы 6:0, 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Келесі ойында ол Ига Швентек (Польша) пен Петра Мартич (Хорватия) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.