Олимпиадалық теннис жарыстарында Қазақстанның намысын: жекелей сында - Елена Рыбакина (№4), Юлия Путинцева (№34), Александр Бублик (№23) және Александр Шевченко (№58), жұптық сында – Александр Бублик/Александр Недовесов қорғайтын болады.
Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайтын теннисшілер анықталды
Фото: ҚТФ
1,052
оқылды

Қазақстан теннис федерациясы алдағы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын теннисшілер есімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілді. Оған сәйкес ойындарға қатысуға рұқсат берудің негізгі біліктілік критерийі ойыншылардың ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары болып саналады.

Осылайша, биыл Олимпиадалық теннис жарыстарында Қазақстанның намысын: жекелей сында - Елена Рыбакина (№4), Юлия Путинцева (№34), Александр Бублик (№23) және Александр Шевченко (№58), жұптық сында – Александр Бублик/Александр Недовесов қорғайтын болады.

Алдағы Олимпиадада Қазақстан теннис құрамасы үшін алғаш рет әлемнің 58-ші ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді. Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) Шевченконың Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан мәдени және отбасылық байланыстарын, сондай-ақ оның анасының Жезқазған қаласының тумасы екенін ескеріп, оған еліміздің туы астында өнер көрсетуге рұқсат берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.